Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Талдықорғанда Әбілхан Қастеевтің құрметіне ескерткіш орнатылды

Талдықорғанда Әбілхан Қастеевтің құрметіне ескерткіш орнатылды

Талдықорғанда қазақтың тұңғыш кәсіби суретшісі Әбілхан Қастеевке ескерткіш орнатылды.
Қазақ бейнелеу өнерінің негізін қалаушы, даңқты суретші Әбілхан Қастеевтың туғанына биыл – 120 жыл. Қоладан құйылған ескерткіш облыс орталығының көркемсурет галереясының ауласында бой көтерді. Суретші бейнесін айнытпай сомдаған мүсіншілер Ринат Әбенов пен Ербол Зиябековке көпшілік дән риза. Ескерткіштің ашылуына ұлт зиялылары мен қоғам қайраткерлері, суретшінің туыстары мен жерлестері, сондай-ақ ізбасарлары келді.
Мерей той аясында Әбілхан Қастеевтің өмірі мен шығармашылығына арналған «Өмір мектебі» және «Әбілхан Қастеев» атты қос кітап оқырманның қолына тиді. Ал «Тұғыры биік тау тұлға» атты ғылыми конференцияда қылқалам шеберінің бейнелау өнеріне қосқан өлшеусіз үлесі жайлы айтылды.