Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Марат Бисенғалиев консерваторияның Камералық оркестрімен бірлескен концертіне шақырады.

Марат Бисенғалиев консерваторияның Камералық оркестрімен бірлескен концертіне шақырады.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы сіздерді мерейтойлық жылдың ең жарқын оқиғаларының бірі – Марат Бисенғалиевтің консерваторияның Камералық оркестрімен бірлескен концертіне шақырады. Әлемге әйгілі скрипкашы-виртуоз, дирижер, Қазақстанның ерік-жігер елшісі, Азия-Тынық мұхиты аймағы оркестрлер альянсының директоры, Бирмингем консерваториясының (Англия) профессоры және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының құрметті профессоры 14 қазан күні Е. Рахмадиев атындағы Үлкен зал сахнасында өнер көрсетеді.
Консерваторияның мерейтойына орай маэстро оқу орнын ерекше түрде құттықтауды шешіп, Камералық оркестр студенттеріне және консерваторияның жас дирижерлеріне – болашақ жұлдыздарына арналған шеберлік сыныптарын  өткізеді.
Аталмыш концерт бағдарламасында британ композиторлары Эдуард Элгар мен Карл Дженкинстің шығармалары орындалады. Концерт Камералық оркестрдің, Аралас хордың, сондай-ақ этно-музыканттар Анар Қасымова, Абзал Арықбаев және саксофоншы Арухат Мұсаиповтың қатысуыменшын мәнінде бірегей болмақ. Музыканттар академиялық дәстүрлерді қазақтың ұлттық нақышымен үйлестіретін классикалық және этникалық әуендердің бірегей синтезін жасайды