Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов Ашхабадтағы Абай ескерткішін салтанатты түрде ашты

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов Ашхабадтағы Абай ескерткішін салтанатты түрде ашты

Қазақстан Президенті мен Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Ашхабад төрінде ұлтымыздың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлына арналған ескерткіштің ашылу рәсіміне қатысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Ең алдымен, Қасым-Жомарт Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедов пен түрікмен халқына Мақтымқұлы Пырағының 300 жылдық мерейтойына орай арнайы шығарылған медальмен марапаттағаны үшін алғыс айтты.
Сонымен қатар мұны екі ел арасындағы өзара сый-құрмет пен достықтың белгісі ретінде қабылдайтынын жеткізді.
Мемлекет басшысы салтанатты жиында сөйлеген сөзінде бұл ескерткіштің ашылуын түрікмен бауырлардың қазақ халқына айрықша құрметінің көрінісі деп санайтынын атап өтті.
Сондай ақ президент биыл Астанада түрікмен халқының ұлы ойшылы Мақтымқұлы Пырағының ескерткіші ашылғанын еске салып, қазақ елі түркі жұртына ортақ тұлғаның шығармашылығына зор құрметпен қарайтынын жеткізді.