Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

"Көшпенділер әуені" концерттік бағдарламасы француз жұртышылығына ұсынылды

"Қазақстан Камератасы" мемлекеттік классикалық музыка ансамблі жазғы Олимпиада ойындарының астанасы - Парижге гастрольдік сапармен аттанып, жергілікті жұртшылыққа "Көшпенділер әуені" концерттік бағдарламасын ұсынды. Өйткені, француз жұртшылығы қазақ, заманауи қазақстандық және түркі тілдес композиторлардың жазған шығармаларын тыңдайды.
Концерт 12 қазан Багатель саябағының жылыжайында көркем және тарихи орында өтті..
Жылыжай залында "Қазақстан Камератасы" мемлекеттік классикалық музыка ансамблінің өнер көрсетуі барлық ниет білдірушілер үшін ашық болды және тыңдаушыларға музыканттардың шебер таңдалған бағдарламасын тамашалауға мүмкіндік берді.
Концерт Париж ботаникалық бағының кураторымен және Париж әкімдігімен серіктестікте ұйымдастырылды. Ол Қазақстанның Франциядағы Елшілігі ұйымдастырған "Қазақстан күзі" мәдени маусымының бір бөлігі болып табылады.
"Қазақстан Камератасы" мемлекеттік классикалық музыка ансамблінің сапары ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің және ҚР Франциядағы елшілігінің қолдауымен өтті.