Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Майра Мұхамедқызы – 30 жыл сахнада

Майра Мұхамедқызы – 30 жыл сахнада

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Астана Операда» «Майра Мұхамедқызы. Сахнада 30 жыл» ауқымды концерті өтті. Кеш еліміздің ең атақты опера әншілерінің бірі – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Майра Мұхамедқызының шығармашылық қызметінің мерейлі жылына арналды. Опера жұлдызы осымен отыз жыл бойы өзінің шеберлігімен және бірегей дауысымен барлықтарын тәнті етіп, көрермендердің жүрегінде өшпес із қалдыруда.
Майра Мұхамедқызының шығармашылық жолы – бұл еңбекқорлыққа, кемелденуге деген талпынысқа және музыкаға деген махаббатқа толы жетістіктің тарихы. Сахнадағы алғашқы қадамдардан бастап, халықаралық деңгейдегі танымалдылыққа дейін – оның мансабының әрбір сәті жаңа шыңдарды бағындырумен байланысты.
Бұл кеште «Астана Опера» симфониялық оркестрінің дирижер тұғырында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдин жарқын өнер көрсетті. Театр хоры бас хормейстер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітовтің басқаруымен өз өнерін паш етті.