Ақмола облысында халық ақыны Көкен Шәкеевтің 100 жылдығына орай халықаралық ақындар айтысы өтті
Ақмола облысында халық ақыны Көкен Шәкеевтің 100 жылдығына орай халықаралық ақындар айтысы өтті.
Іс шараға Қазақстан мен Қырғызстанның айтыс ақындары мен дәстүрлі әншілері, жыршы-термешілері қатысты.
Аламан айтысқа елімізге қонақ болып келіп, екі елдің достығын нығайтуға атсалысқан Қырғыз елінің үш ақынына «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі табысталды.
Айтыста қазылар алқасының құрамында Қазақстан мен Қырғызстан елінің мәдениет пен өнер қайраткерлері, сондай-ақ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан айтыс ақындары мен жыршы термешілердің халықаралық одағының төрағасы Жүрсін Ерман төрағалық етті.
Айтыс көптеген әсерлер мен жағымды эмоциялар сыйлады. Сөз шеберлері бір-бірінен кем түспеді және шешендік өнердің импровизациялық ерекшелігін көрсетті.
Нәтижесінде қазылар алқасының шешімімен гран-при Қазақстаннан Мақсат Ахановқа және Қырғызстаннан Амантай Құтманалиевке берілді.