Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына арналған Марат Бисенғалиевтің концерті өтті

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына арналған Марат Бисенғалиевтің концерті өтті

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Е. Рахмадиев атындағы Үлкен концерт залының сахнасында әлемге әйгілі скрипкашы-виртуоз және Қазақстанның ізгі ниет елшісі Марат Бисенғалиевтің консерваторияның камералық оркестрімен бірлескен концерті өтті. Концерт консерватория мерейтойы қарсаңындағы ең жарқын оқиғалардың бірі болып, көрермен көзайымына айналды. Іс-шараға Алматы қаласының мәдениет және музыка қоғамдастығының өкілдері ғана емес, сонымен қатар ҚР СІМ-нің Алматыдағы өкілдігі, дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері де қатысты.
Этно-музыканттар Анар Қасымова, Абзал Арықбаев және саксофоншы Арухат Мұсаипов концерт бағдарламасына қайталанбас ұлттық нақыштағы қазақы үн қосты.
Концерт алдында консерватория ректоры Гаухар Тасбергенова маэстро Марат Бисенғалиевке Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының құрметті профессоры атағын салтанатты түрде табыстап, оның Қазақстанның музыкалық мәдениетін дамытуға қосқан орасан зор үлесі мен консерваториямен жемісті ынтымақтастығын ерекше атап өтті.