Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

"Бурабайдағы Хогвартс": Ауыл оқушылары туралы телехикаяның тұсаукесері өтті

Елордада танымал “Каникулы OFF-Line” франшизасы иелерінің жаңа жобасы – “IQanat OFF-Line” телехикаясының тұсаукесері өтті.
Хикая Қазақстанның үздік мектептерінің бірі – IQanat-қа оқуға түскен ауыл баласының өмірін суреттейді.
Оқиға сюжеті оның мамандық таңдау туралы шешімінің айналасында құрылған, бұл ауыл балалары үшін білім алу мүмкіндігінің маңызын айшықтайды.
Жоба режиссері Эрнар Құрмашев телесериалды түсіруге 9 айдай уақыт кеткенін айтты.
Хикаяның бірегей ерекшеліктерінің бірі – оған кәсіби актерлер емес, балалар түскен. Ал көпшілік қатысқан көріністерден Бурабайдағы IQanat мектебінің актерлік тәжірибесі жоқ, нағыз оқушыларын көруге болады. Ол хикаяны барынша шынайы әрі қызықты ете түскен