Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Қуыршақ театры жаңа маусымын ашты

Қуыршақ театры жаңа маусымын ашты

Келер жылы 90 жылдық мерейтойын атап өткелі отырған Қуыршақ театрында кезекті жаңа маусымның шымылдығы ашылды.
Кішкентай көрерменімен қайта қауышқан ұжым тұңғыш рет 1984 жылы сахналанған театрдың бойтұмары – «Қуыршақ думан» қойылымын көпшілік қауым назарына ұсынды.
Сырғыған уақытты артқа тастап көрерменіне жаңғырған, қайта өңделген нұсқада жол тартқан «Жұлдызды қуыршақтар» премьерасында Роза Бағланова, Майкл Джексон, Фарух Закиров сынды қуыршақ образындағы жұлдыздар қатарына қазақтың бағына біткен талантты тұлғалар – Роза Рымбаева және Димаш Құдайберген қосылды. Жаңа маусымның ашылу салтанатына арнайы келген Алматы қаласы Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Арман Халбеков Қуыршақ театрының тарихта бағындырған белестері мен балаларға ұсынған сәтті қойылымдарына ерекше бағасын беріп, шығармашылық ұжымның ұрпақ тәрбиесі мен мәдениеттің түрлену жолында атқарып отырған жұмысына қолдау білдіретінін алға тартты.