Шымкентте «Қазақ дастарханы» фестивалі өтті
Шымкент қаласының көпұлтты халқы бір шаңыраққа топтасып, «Қазақ дастарханынан» дәм татты. Этнос өкілдері қазақтың ұлттық тағамдарын әзірлеп, сыйластық пен қонақжайлық дәстүрін паш етті.
Қазақы ұлттық киім киген 17 этностың өкілдері бір қазанға жайма салып, ықылас-ілтипатымен көпшілікке дәм ұсынды.
Шымкентте дастархан фестивалін өткізуге негіз болған «Қазақтану» жобасы. Ол өзге халықтарға ұлттық ас мәзірімізден бөлек, тұлғатану, әдебиет, мәдениет пен салт-дәстүрді терең меңгертуге негізделген.
Түрлі форматта өтетін фестиваль Қазақстан халқы Ассамблеяның ұйытқы болуымен тоғызыншы рет ұйымдастырылды. Бұл жолы «Салт-дәстүр және әдет-ғұрып» орталығының мамандары ұлттық құндылықтар жайын терең түсіндіріп берді.