А.Жұбанов атындағы республикалық музыка мектебінің мерейтойы атап өтіледі
Алматыдағы Ахмет Жұбанов атындағы республикалық музыка мектебінің құрылғанына биыл 60 жыл толып отыр. Өнер ордасының мерейтойлық концертінде өзге шәкірттермен қатар, Австрияда өткен Бетховен атындағы скрипкашылардың 19-халықаралық байқауының жеңімпазы Сағадат Омарғазин де өнер көрсетеді. Классикалық музыка мамандары 13 жасар скрипкашы Сағадат Омарғазиннің болашағына үлкен сеніммен қарайды. Гала-концертте ол симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен әлемдік композиторлардың шығармаларын орындайды. Қазір скрипкадағы шеберлігін шыңдай түсуде. Осы мақсатта Захар Брон, Гернот Винишхофер сынды майталмандардан тәлім алып жүр. Талантты оқушы енді 16 жастан асқан скрипкашылар арасындағы Генрик Венявский атындағы халықаралық жарысқа дайындалуда.