Парижде суретші Раушан Мамбекованы еске алды

Парижде қазақ суретшісі Раушан Мамбекованы еске алуға арналған көрме өтті. Қылқалам шеберінің туындылары Art Shopping галереясында қойылған. Игілікті іс-шараға Мәдени дипломатияның халықаралық қауымдастығы және марқұм суретшінің қызы Алуа Құсайынова мұрындық болды. Раушан Мамбекова артына бай мұра қалдырған талант. Ол әсіресе қазақ халық ертегілеріне жасаған иллюстрацияларымен кеңінен танылған. Сондай-ақ суретші Қазақстан мультипликациясының дамуына елеулі үлес қосты. 1995 жылы Францияда Халықаралық көрме-байқаудың алтын медалімен марапатталған. Раушан Мамбекованың еңбектері қазір Алматыдағы Қастеев музейінде және дүниежүзі бойынша жеке коллекцияларда сақтаулы.