Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Қазақ режиссері атақты кореялық фильмге ремейк түсіре бастады

Қазақ режиссері атақты кореялық фильмге ремейк түсіре бастады

Елімізде танымал кореялық «Бәлеқорлар» фильмінің ремейкі түсіріліп жатыр. Бұл – қазақстандық Tiger Films продюсерлік компаниясы мен кореялық Big Ocean компаниясының ортақ жобасы. «Жап-жас ата» деп аталатын толықметражды фильм үлкен экранға 2025 жылы шығады деп жоспарланып отыр. Жаңа комедия – кореялық «Бәлеқорлар» фильмінің ремейкі. 2008 жылы жарыққа шыққан бұл картина – Кореядағы ең көп табыс әкелген фильмдердің бірі. 8 миллионнан астам көрермен тамашалаған кино көптеген фестивальдерде жоғары марапаттарға ие болды. «Комедияның қазақша нұсқасы да көптің көңілінен шығатынына сенімдіміз», – дейді фильмнің режиссері, Нью-Йорк киноакадемиясының түлегі Алена Алмаз.
Big Ocean – кино және медиа саласындағы ірі оңтүстіккореялық компания. 2020 жылы негізі қаланған компания 20-дан астам телехикая, бірнеше көркем фильм мен музыкалық альбомдар шығарған. Бұл картина – кореялық киноөндірушілердің Қазақстандағы алғашқы жобасы.