Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Мароккода алғаш рет ұлттық өнеріміз ұлықталды

Мароккода алғаш рет ұлттық өнеріміз ұлықталды

Марокко көгінде домбыраның қоңыр үні қалықтады. Африкадағы ең көрікті елдердің бірінде алғаш рет ұлттық өнеріміз ұлықталды. Қазақстанның Мароккодағы елшілігі ұйымдастырған іс-шара Республика күніне арналған. Концерт Мұхаммед Ұлттық театрында өтті. Онда Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония мен Рабат қаласының Үлкен оркестрі өнер көрсетті. Іс-шараға жергілікті және шетелдік қонақтар қатысып, елордадан барған өнерпаздарға қол соқты. Әсіресе, хореографиялық топтың ұлттық нақыштағы биі ерекше қошеметке ие болды. Концерт соңында Рабат оркестрі қазақ әндерін орындаса, Астанадан барған әншілер араб әндерін шырқап, көрерменнің ықыласына бөленді.