Павлодарда мүсінші Данияр Сарбасовтың жеке көрмесі ашылды

Павлодарда мүсінші, халықаралық Turan сыйлығының лауреаты Данияр Сарбасовтың жеке көрмесі ашылды. Экспозицияға автордың соңғы он жылда сомдаған отызға тарта туындылары қойылған. Шығармашылық иесі өзін бірінші кезекте анималист-мүсінші ретінде таныстырып жүр.
Еңбектерінің басым көпшілігі өзінің сүйікті жануары, жылқы малына арналған Қазақстандық мүсінші Данияр Сарбасовтың терең мағыналы туындылары көрген адамға үлкен ой салады.
Көрмеге қойылған экспозициялардың басын көпшілігі жылқы малына арналады. Бәйге аттары, тұлпар, жорға, шу асау бейнесіндегі жылқылар, Ақан серінің Құлагері, мифтік жаратылыс – қанатты пыраққа дейін қамтылған. Өнердегі жолын ашқан да осы қанатты жануар мүсіні екен.