«ASYK PARTY-2024» жеңімпаздары анықталды
Ел Президенті Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауында ұлт болашағын нығайту үшін бұқаралық спортты дамыту қажет екенін баса айтқан еді. Қазіргі таңда осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру мемлекет саясатының басты басымдығының біріне айналып отыр. Оның үстіне салауатты ұрпақ қалыптастыру үшін бұқаралық спортты жандандырудың қажет екенін уақыттың өзі де дәлелдеп отыр. Осыған орай, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Алматы қалалық Спорт басқармасының тікелей қолдауымен Түрксіб ауданындағы №211 мектеп-гимназия шаңырағында ұлттық спорт түрлерінен «Asyk party-2024» жарысы өтті.
Ұлттық спортты, сондай ақ жастарға мәдениетімізді насихаттау мақсатында өткізіліп отырған додаға ауданның барлық білім мекемелері қатысып, жарыс көрігін қыздырды. Спорттық жарысқа қатысушылар «Асық ату», «Тымақ ұру», «Арқан тартыс», «Бұқа тартыс», «Бестемше» сынды ұлттық спорт түрлерінен жарысқа түсіп, белсенділік танытты.