Шымкентте IX Халықаралық театр фестивалі өтіп жатыр
Шымкент қаласында Орталық Азия елдері мен түркітілдес мемлекеттерінің театр өнері саласындағы ынтымақтастық пен достық байланыстарды нығайту шеңберіндегі IX Халықаралық театр фестивалінің ашылу салтанаты өтті.
Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының 95 жылдығына арналған фестивальді Мәдениет комитетінің төрағасы Күміс Сейітова ашып, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің құттықтауын оқып берді.
Алты күн бойы Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Қарақалпақстан, Татарстан, Әзірбайжан және Қазақстан театрларының үздік спектакльдері көрсетіледі. Фестиваль бағдарламасында спектакльдерді талқылау үшін жетекші театр сыншылары қатысатын дөңгелек үстелдер, сондай-ақ, шетел педагогтары өткізетін театр режиссерлері, актерлері мен менеджерлеріне арналған шеберлік сағаттары жоспарланған. Аталмыш Іс-шара 11 қарашаға дейін жалғасады.