Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Алматыда XVII «Еуразия» кинофестивалі өтеді

Алматыда XVII «Еуразия» кинофестивалі өтеді

Алматыда 24-30 күндері XVII «Еуразия» халықаралық кинофестивалі шымылдығын түреді.
Айта кетсек, 1998 жылы құрылған «Еуразия» кинофестивалі – Қазақстандағы ең ірі кинофорум және халықаралық кинопродюсерлер қауымдастықтары Федерациясы (FIAPF) аккредиттеген Орталық Азиядағы бірден-бір кинофестиваль.
Фестивальдің тұрақты құрылтайшысы әрі ұйымдастырушысы - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Кинофестивальді ұйымдастыру жұмысы Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясына тапсырылған. Айта кетейік, биыл киностудияға 90 жыл, Шәкен Аймановтың туғанына 110 жыл және «Қазақфильм» киностудиясына оның есімі берілгеніне 40 жыл толып отыр.
«Еуразия» кинофестивалі жыл сайынғы дәстүр бойынша әлемдік және отандық киноның өзекті трендтерін көрсететін жарқын әрі маңызды туындыларды жинайды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл кинофестиваль аясында Халықаралық байқау өтеді, оған Еуропа мен Азия елдерінің толықметражды фильмдері, сондай-ақ Орталық Азия мен Түркі әлемі елдерінің фильмдері ұсынылады.
Кинофестивальдің салтанатты ашылу рәсімі 24 қарашада Almaty Theatre-де өтеді.