Прагада қазақ және чех өнерпаздарының бірлескен концерті өтті
Прага төрінде қазақ және чех өнерпаздарының бірлескен концерті аншлагпен өтті. Шығармашылық кешке билеттер екі күнде сатылып кеткен. Жергілікті өнер сүйер қауым әсіресе қазақстандық опера әншісі Нұржамал Үсенбаева мен чехиялық баритон Филипп Банжактың дуэтін тыңдауға келген. Қазақстанның халық әртісі Нұржамал Үсенбаеваны чехия жұрты жақсы біледі. Классикалық музыка ханшайымының Жофин сарайында өнер көрсетуі де сондықтан. Қазақ-чех артистарының бірлескен бұл жобасы Қазақстан Республикасы күніне арналды. Ол Прага мэрінің жоғары патронатымен және дипломаттарымыздың қолдауымен өтті. Концертте дәстүрлі әндер мен классикалық туындылар шырқалды. Солтүстік Чехия оркестрі Төлеген Мұхамеджановтың симфониялық музыкасын орындады. Кеш соңында қазақ халқының бекзат өнердегі биігі дирижерге естелік ретінде Махамбет поэмасының партитурасын сыйға тартты.
Екі ел артистарының қатысуымен өткен гала-концерт көрермендерді де бір-біріне жақындастыра түсті. Ал Қазақстан тарапы Филип Банджакты мәдениет арқылы бейбітшілік елшісі етіп тағайындауы музыкалық кештің әдемі нүктесі болды.