Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Шахимардан Әбілов елорда тұрғындарына өзінің монооперасын таныстырады

Шахимардан Әбілов елорда тұрғындарына өзінің монооперасын таныстырады

Бүгін «Астана Операның» Үлкен залы сахнасында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұлы ақын-ағартушы, композитор, философ, қоғам қайраткері Абай Құнанбаевтың шығармашылығына арналған «Толық адам. Ой толғау. Хәкім Абай» монооперасы өтеді. Өзекті шығарманың авторы әрі орындаушысы – өзінің барлық кәсіби қызметін Абай шығармашылығын насихаттауға, ақын даналығын ән арқылы жеткізуге арнаған Қазақстанның халық артисы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Шахимардан Әбілов.
Айта кетейік, моноопера – сирек жанр, сондықтан арнау-концерт «Астана Опера» көрермендері үшін қызықты оқиға болмақ. Моноопера 3 блоктан тұрады. Бірінші бөліміне «Қараңғы түнде тау қалғып», «Қарашада өмір тұр», «Қор болды жаным» және «Сегіз аяқ» туындылары енді. Ал Екінші бөлім «Ата-анаға көз қуаныш», «Бойы бұлғаң», «Біреуден біреу артылса», «Көзімнің қарасы» өлеңдерін қамтиды. Ең соңғы үшінші блогында «Желсіз түнде жарық ай», «Айттым сәлем Қаламқас» әндері орындалады.