Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

«Алтын пальма бұтағының» иегері Нури Бильге Джейлан «Еуразия» кинофестивалінің Халықаралық байқауы қазылар алқасынның қатарында

«Алтын пальма бұтағының» иегері Нури Бильге Джейлан «Еуразия» кинофестивалінің Халықаралық байқауы қазылар алқасынның қатарында

XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің басты қонағы Нури Бильге Джейлан болады. Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз конференциясында хабарланды.
Түркияның атақты режиссері Джейлан Канн кинофестивалінде бірнеше рет жоғары марапаттарға ие болған. Оның «Қысқы ұйқы» фильмі 2014 жылы фестивальдің ең жоғары жүлдесі – «Алтын пальма бұтағы» жүлдесін жеңіп алды. Бұдан бөлек, оның «Бірде Анатолияда» фильмдері қазылар алқасының бас жүлдесін иеленсе, 2008 жылы «Үш маймыл» туындысы үшін «Үздік режиссер» атағын алды.
Сонымен қатар, Нури Бильге Джейланның шығармалары басқа да беделді кинофестивальдерде жоғары бағаланды.
«Еуразия» кинофестивалінің халықаралық байқауының қазылар алқасының төрағасы ретінде Нури Бильге Джейлан Шығыс пен Батыс мәдениетін тоғыстырып, кинематографияға өз көзқарасын ұсынады.

Айта кетейік, дәстүрлі фестивальдің негізін қалаушы және ұйымдастырушы – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі. Кинофестивальді тікелей ұйымдастыру Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясына жүктелген.