Белгілі «Яшлык» ансамблі 50 жылдық мерейтойын атап өтті
Алматы қаласында белгілі вокалды-аспаптық «Яшлык» ансамблінің 50 жылдығына арналған мерейтойлық концерт өтті.
Концерт ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды.
«Яшлык» ансамблі 1974 жылы құрылған. Ұлттық музыканы халық аспаптарымен үйлестіріп, жаңа өңдеумен ұсына білген топ бірнеше мәрте халықаралық байқаулардың жеңімпазы атанды.
Іс-шараға «Дос-Мұқасан» ансамблі, Қазақстанның халық артисы Роза Рымбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері сондай-ақ «Яшлык» ансамблінің қазіргі құрамы мен қазақстандық және ұйғыр эстрадасының жұлдыздары қатысты.
Концертте ансамбльдің 70–80 жылдардағы хиттері мен танымал әндердің заманауи өңделген нұсқалары орындалды.
Өнер ұжымына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан ықылас гүлі табыс етілді.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Яшлык» ансамблінің ұжымын мерейтойымен құттықтап, ансамбльдің Қазақстанның музыка мәдениетіндегі орны ерекше екенін айтты.