Алматыда студенттер арасында инклюзивті фестиваль өтті
Шын талантқа тұсау жоқ. Алматыда құлағының мүкісі бар студенттер арасында республикалық DEAF MADE инклюзивті фестивалі өтті. Елдің әр өңірінен келген жастар ұлттық мәдениет, салт-дәстүр бойынша өнерлерін ортаға салды. Атап айтқанда, әр команда өзін-өзі таныстырып, заманауи би, сән үлгілерін көрсетті. Сондай-ақ ым-ишарамен ән айтудан сынға түсті. Шара ерекше қажеттілігі бар студенттердің тәрбиелік, шығармашылық, көркемдік-эстетикалық дағдыларын дамытуға бағытталған. «Әрі мұндай шаралардың кедергісіз білім беру кеңістігін қалыптастыруда маңызы зор», – дейді ұйымдастырушылар. Жеңімпаздар медальдармен, дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.