Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі өз мәресіне жетті

XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі өз мәресіне жетті

Алматыда өткізілген XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі аяқталды. Орталық Азияның басты кинооқиғасы әлемнің түкпір-түкпірінен келген киногерлер мен киносүйер қауымды біріктірді. Бір апта бойы көрермендер 30-дан астам фильмді тамашалады. Оның 22-сі байқау бағдарламасына қатысты. Фестиваль алаңы мәдени пен шығармашылықтың қазанына айналып үлгерді.
Фестивальдің қатысушылары мен қонақтарына ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау сөзі жеткізілді. Оның құттықтауын ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Рустам Әли оқыды.
Сондай ақ, аталмыш кинофестивальде, белгілі қазақстандық актер Досхан Жолжақсынов «Қазақстан кинематографиясына қосқан ерекше үлесі үшін» марапатталса, ал ең үздік режиссерлік жұмыс үшін жүлде – Аруан Анартай, «Жоқтау» картинасы үшін табыс етілді.
Фестивальдің жабылу салтанатында KhazaR этно-фьюжн тобы, Aljazz эстрадалық-симфониялық оркестрі және VIVAT шоу-балеті өнер көрсетіп, кино апталығын шымылдығын жапты.