Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Әкемтеатр Алатау асты

Әкемтеатр Алатау асты

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры Алатаудың күнгейі мен теріскейін қоныс еткен бауырлас Қырғыз еліне гастрольдік іс-сапармен аттанды.
1926 жылы іргетасы қаланған қазақ өнерінің қарашаңырағы, қазақтың тұңғыш кәсіби театры Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры – Қазақстанның жетекші өнер ордасы. Ол өз тарихында үлкен белестерден өтіп, бүгінгі күні ұлттық өнердің символына айналды.  Шығармашылық әлеуеті жоғары театр ұжымы – биік көркем өнер, жаңа тұрпатты мәдениет жасау; отансүйгіштік, ізгілік, адамгершілік, сұлулықты дәріптеу; әлемдік мәдени-рухани кеңістікке еркін еніп, ұлттық өнерімізді таныту жолында қалтқысыз қызмет етуде. 2026 жылы қазақ өнерінің қарашаңырағы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры 100 жылдық мерейтойын атап өтеді. Ғасырлық той қарсаңындағы салтанатты гастрольдік сапарын жер жәннәты Жетісу облысынан бастаған өнер ұжымы Өзбекстан, Қарақалпақстан елдерін аралап, желтоқсанның 4-7 аралығында бауырлас қырғыз елінің бас шаһары Бішкек қаласына ат басын тіреп, Т. Абдумомынов атындағы Қырғыз ұлттық академиялық драма театрының сахнасында өнер көрсетіп жатыр.