«Астана Операда» Freedom Festival
«Астана Опера» сахнасында Freedom Festival-дің қорытынды өнер көрсетуі өтті. Кеш Валентино Цукеттидің елордалық театр репертуарын толықтыратын Souvenir de Danse балетінің премьерасымен есте қалды. Сондай-ақ бұл кеште қазақстандық көрермендер L-E-V израильдік шығармашылық ұжымының Into the Hairy бір актілі балетімен рақаттануға мүмкіндік алды.
Балетмейстер Валентино Цукетти жасаған Souvenir de Danse Петр Чайковскийдің музыкасына негізделген. Хореограф бишілердің үш жұбын біріктіріп, олардың әрбіреуі би тілі арқылы өздерінің ерекше махаббат хикаясын баяндады.
Көрермендер Лондондағы Корольдік балеттен Сара Лэмб пен Риочи Хиран дуэтінің нәзіктігін таңданыспен бақылады. Қазақстандық артистар, «Астана Операның» жетекші солисі Бақтияр Адамжан мен театр солисі Анастасия Заклинская қойылымға мәнерлілік пен мол бейнелілік үстеді. Жұптардың триосын Лондон қалалық балетінен Алехандро Вералес пен Бавария мемлекеттік балетінің жетекші солисі Мария Баранованың әсем орындауы қорытындылады. Дирижер Элмар Бөрібаевтың жетекшілігіндегі театрдың ішекті аспаптар оркестрі музыкалық сүйемелдеуді қамтамасыз етті.