Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Алматыда 12-ші рет «Бастау» кинофестивалі өтеді

Алматыда 12-ші рет «Бастау» кинофестивалі өтеді

Алматыда XII Халықаралық «Бастау» студенттік және дебюттік фильмдер кинофестивалі өтеді.
Фестивальдің салтанатты ашылу рәсімі 11 желтоқсанда «Арман» киноорталығында өтеді. Шара режиссер Алина Мұстафинаның дебюттік толықметражды туындысы - «Оның әкесіне, менің арғы атама, оның арғы атасына пірәндік» деректі фильмімен ашылады. Картинаның әлемдік премьерасы осы қазан айында Оңтүстік Кореядағы Пусан халықаралық кинофестивалінде өткен.
Биылғы жылы фестивальде BASTAU SHORTS халықаралық байқау бағдарламасы болады. Онда әлемнің түкпір-түкпірінен ұсынылған қысқаметражды ойын, деректі және анимациялық дебюттік фильмдер көрсетіледі. Бұл конкурсқа қатысу үшін 500-ге жуық өтінім келіп түсті. Байқаудың барлық көрсетілімдері «Тұран» университетінде өтеді.
12-ші «Бастау» кинофестивалінің үздік фильмдерін Ресей кинематографистер одағының және Өзбекстан кино қайраткерлері одағының мүшесі, режиссер Рашид Маликовтың төрағалығымен Халықаралық қазылар алқасы айқындайтын болады. Қазылар алқасының құрамына ресейлік кинооператор Борис Литовченко, қырғызстандық режиссер, сценарист және продюсер Дальмира Тілепберген, қазақстандық киносыншы Ораз Керейбаев және отандық режиссер Олжас Баялбаев кірді.