Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Алматыда «Бастау» кинофестивалі ашылды

Алматыда «Бастау» кинофестивалі ашылды

Алматыда XII Халықаралық «Бастау» студенттік және дебюттік фильмдер кинофестивалі ашылды. Кино әлемінде өз орнымды алсам дейтін жастар жарыста бақ сынайды. Биыл конкурсқа 500-ге жуық өтінім түскен.  Дәстүрлі кинофестиваль жас режиссер Алина Мұстафинаның дебюттік толықметражды деректі фильмімен ашылды. Картинаның әлемдік премьерасы қазан айында Оңтүстік Кореяда – Пусан халықаралық кинофестивалінде өткен болатын. Картина шынайы оқиғаларға негізделген. Ағасының жерленген жерін іздеп Польшаға жол тартқан режиссер фильмге ата-баба сабақтастығын арқау етеді.
Фестиваль аясында әлемнің түкпір-түкпірінен ұсынылған қысқаметражды ойын, деректі және анимациялық дебюттік фильмдер көрсетіледі. Биыл конкурсқа қатысу үшін 500-ге жуық өтінім келіп түсіпті. Қазылар алқасы іріктеуден өткен 100-ден аса картинадан үздіктерін таңдайды.  
«Бастау» фестивалі – жас киномамандары үшін жолашар жоба. Жас режиссерлар тырнақалды туындыларын жарыққа шығаруға мүмкіндік алып, халықаралық кинематографистердің тәжірибесіне қанығады.