«Муфаса. Арыстан патша» анимациялық фильмі қазақ тілінде көрсетіледі
Диснейдің алтын классикасына енген тағы бір әлемдік туынды қазақша сөйледі. Алматыда «Муфаса. Арыстан патша» анимациялық фильмінің қазақ тіліндегі тұсаукесері өтті. Премьераға дубляж саласының мамандары, актерлер мен қоғам қайраткерлері келді. Африканың саваннасындағы шытырман оқиғаны баяндайтын фильмді Дисней компаниясы өз қаражатына аударған. Тың бастамаға «Қазақ тілі» қоғамы ұйытқы болды.
Бұл фильм адасып, жетім қалған Муфасаның ұлы әрі дана көшбасшыға айналу жолын көрсетеді. Фильм соңында арыстан патша тек күш-қайратымен емес, мейірімділігімен көрерменнің есінде қалады. Фильмдегі басты кейіпкерді танымал дубляж актері - Ерасыл Мұхамадиев дыбыстады.