Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Дубайда «Астана Опера» спектаклін 12 мың көрермен тамашалады

Дубайда «Астана Опера» спектаклін 12 мың көрермен тамашалады

«Астана Опера» балет труппасы Дубайда хореограф Юрий Григорович қойған П.Чайковскийдің «Щелкунчик» балетін сахналады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өткен бұл гастрольдер елордалық театрдың биылғы шетелдік турларының қорытындысы болды. Қойылымның хореографиясы бастапқыдай қалуы үшін «Астана Опера» труппасымен гастроль алдында Юрий Николаевич Григоровичтің ассистенттері Руслан Пронин мен Оксана Цветницкая жұмыс істеді.
Спектакльді театрдың симфониялық оркестрі италиялық маэстро Джузеппе Акуавиваның жетекшілігімен сүйемелдеді.
Айта кету керек, спектакльдің былтырғы жетістігінен кейін «Астана Опера» балет труппасының көркемдік жетекшісі, әлемдік балет жұлдызы Алтынай Асылмұратова бастаған қазақстандық труппаны Дубай театры қайта шақырды.