Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына арналған іс-шаралардың гранд-финалы өтті

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына арналған іс-шаралардың гранд-финалы өтті

Еркеғали Рахмадиев атындағы Үлкен концерт залында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралардың гранд-финалы өтті.
Кеште музыка өнерінің палитрасы мен жоғары орындаушылық шеберлік көрсеткен консерваторияның ең үздік шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті. Симфониялық оркестр, этно-фольклорлық және камералық ансамбльдер, хор және консерваторияның дарынды солистері қазақ композиторларының шығармаларын, әлемдік классика шедеврлерін және біргей ұлттық туындыларды орындады.
Мерейтойлық марафон аясында 23 қараша мен 3 желтоқсан аралығында өнерсүйер қауымға 35-тен астам іс-шара ұсынылды. Атап айтқанда, концерттер, шеберлік сыныптары, шығармашылық кездесулер, халықаралық конференциялар мен көрмелер өтті.