Кореяда Қазақстанда тұратын корейлер туралы көрме ашылды
Оңтүстік Кореяның Паджу қаласындағы ұлттық этнографиялық музейде Қазақстанда тұратын корейлерге арналған көрме ашылды. Келушілер назарына корей диаспорасының өмірін баяндайтын шамамен 500 фото, видео және аудиоматериалдар қойылған. Көрмеде Алматыда әлі күнге дейін шығатын республикалық «Корё ильбо» газетімен танысуға болады. Қазақстандық белгілі композитор және джаз музыканты Яков Хан туралы ақпарат ұсынылған. Барлық материалдар музейге Қазақстан корей диаспорасының өкілдері тарапынан сыйға тартылған. Құнды экспонаттардың ішінде алматылық Евгения Цхайдың атасының жазған қолжазбасы бар.