Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Қазақстан мен Ресей Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарын бекітті

Қазақстан мен Ресей Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарын бекітті

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен Ресейдің Мәдениет министрі Ольга Любимова Жеңістің 80 жылдығына арналған бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойды.
Жоспарға театр фестивальдері, кино көрсетілімдері, конференциялар, көрмелер мен дөңгелек үстелдер сияқты түрлі мәдени іс-шаралар енгізілді.
Сонымен қатар, келесі жылы Ресейде Қазақстан мәдениет күндері өтеді.
«Жоспарға енгізілген мәдени іс-шаралар соғыс ардагерлері мен тыл еңбекшілерінің ерліктерін еске алуға бағытталған. Бірлескен бастамалар елдер арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайтуға ықпал етеді деп сенемін», – деді Аида Балаева.
Кездесу барысында тараптар кинематография және архив ісі салаларындағы ынтымақтастықты жалғастыруға, сондай-ақ музей ісі мен театр өнері бойынша шеберлік сабақтары мен біліктілікті арттыру курстарын өткізуге келісті.