Қазақстандық фильм Мароккодағы фестивальде үздік деп танылды
Отандық «Талақ» фильмі Мароккода өткен халықаралық Транс-Сахаралық кинофестивалінде бас жүлдені жеңіп алды. Кеңес өкіметінің орнауына байланысты жүз жыл бұрынғы оқиғаларды баяндайтын драма үздік фильм деп танылды.
Аталмыш кинокартина Режиссер Данияр Саламаттың Бейімбет Майлиннің шығармасы желісінде түсірілген туындысы. Ол қазылар алқасының жоғары бағасын алып қана қоймай, тығыз қарым-қатынас орнатуға себеп болды. Еліміздің кинематографиясы Африка құрлығында үлкен қызығушылық тудырып, келесі жылы француз қазақ киносы қауымдастығы фестивальде жеке бағдарлама ұсынуды жоспарлап отыр.
Көрсетілімдер Сахара шөлінде өтеді және арнайы шығарылым Қазақстан фильмдеріне арналады. Айта кетейік, Марокко жиі африкалық Голливуд деп аталады. Мұнда киноиндустрия дамыған және фестивальмен ынтымақтастық кино саласының мамандары үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.