Алматыда «Біз қалай сөйлейміз?» кітабының тұсаукесері өтті
Алматы қаласындағы ҚР Ұлттық кітапханасында белгілі журналист, ҚР Ақпарат саласының үздігі, Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, «Шалқар» радиосының қызметкері Оңғар Құралдың «Біз қалай сөйлейміз?» атты кітабының таныстырылымы өтті. Іс-шараға ғалымдар, қоғам қайраткерлері, жазушылар, журналистер мен тіл жанашырлары қатысты
Кітаптың өңделіп, толықтырылған екінші басылымына автордың 2002-2005 жылдары Қазақ радиосы мен "Шалқар" радиосында эфирге шыққан «Біз қалай сөйлейміз?» және 2011-2012 жылдардағы «Тіл мәдениеті» бағдарламаларының мәтіндік нұсқалары енгізілген.
«Біз қалай сөйлейміз?» жинағы студенттер, мектеп оқушылары, ұстаздар, журналистер мен қазақ тілінің болашағына бейжай қарамайтын оқырмандар үшін аса пайдалы құрал болып табылады. Бұл еңбек тілді жетік меңгеруге ұмтылған және ана тілін ардақ тұтатын баршаға бағытталған.
Кітаптың басты мақсаты – тіл мәдениетін дамытуға үлес қосу, сауатты сөйлеу мен жазудың маңыздылығын дәріптеу, сондай-ақ ана тіліне деген құрметті арттыру.