Жаңа маусымда «Астана Опера» театры бірнеше премьера ұсынады
2025 жылы «Астана Опера» театры көрермендерін мазмұнды бағдарламамен қуантпақ. Жоспарда төрт премьера бар.
Жыл Ролан Петидің балет премьерасымен ашылады. Бағдарламаға әйгілі француз хореографының үш үздік туындысы «Кармен», «Арлезианка» және «Бозбала және өлім» енген. Көптен күткен оқиғалардың бірі – Петр Чайковскийдің «Ұйқыдағы ару» балетінің премьерасы. Классикалық балеттің символы саналатын шығарманы Ресейдің Халық артисы Алтынай Асылмұратованың балет труппасы жаңаша сахналайды.
Опера өнерін сүйіп тыңдайтын көрерменді түрлі стильдегі қойылымдар күтуде. Олардың бірі – Джузеппе Вердидің атақты «Риголетто» операсы. Махаббат туралы қайғылы оқиға керемет сюжеті мен шебер арияларымен танымал.
Репертуардан ерекше орын алатын туындылардың бірі – Серікжан және Әліби Әбдінұровтардың «Қыпшақ қызы Аппақ» операсы. Сюжетте Низами есімімен белгілі ұлы әзербайжан ақыны мен 17 жасар қыпшақ қызы Аппақтың кездесуі баяндалады.
Әр қойылым «Астана Опера» театрының режиссерлері, хореографтары, сценографтары, костюм суретшілері және артистарының үлкен еңбегінің нәтижесі болмақ.