Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Пәкістандық суретші өз туындыларымен жұрт назарын аудартты

Пәкістандық суретші өз туындыларымен жұрт назарын аудартты

Ерекше сурет салу техникасын ойлап тапқан пәкістандық суретші өз туындыларымен көпшіліктің назарын аударды. Ол бояудың орнына шай мен кофені қолданады. Ол пәкістандық суретші Муштак Лашари. Бояу орнына кофе мен шай қолдана отырып, сурет салудың нағыз шебері. Оған мұндай ой әріптестерімен шай ішіп отырып, байқамай картинасына шай төгіліп кеткен сәтте келген. Сол уақыттан бері кофе мен шай Муштактың туындыларының басты бөлшектеріне айналды.
Лашари әрдайым керемет сурет салып, өз елін әлемге танытуды армандаған. Осы мақсатына жету үшін туған қаласы Карачидің көрікті жерлерін бейнелейтін жаңа картиналар салады. Бұл еңбектерін осы өзінің ерекше әдісін қолдана отырып жасайды.
Ерекше сурет салу техникасынның авторы Лашари, өз елінің өнері мен мәдениетіне қосқан айрықша үлесі үшін президенттік марапатқа ие болды. Бүгінгі таңда суретшінің шығармашылық қоржынында Пәкістанның тарихи ғимараттары бейнелеген 33 туындысы бар.