Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Сириядағы мұражай 7 жылдан соң қайта ашылды

Сириядағы мұражай 7 жылдан соң қайта ашылды

7 жыл бұрын жабылған Дамаск ұлттық мұражайы қайта ашылды. Музей экспонаттары сол күйінде сақталған. Енді музей жетекшілігі әлемнің түпкір-түпкіріндегі археологиялық миссияларды Сириядағы жұмысын жандандыруға үндеді. Дамаск мұражайы Асад күштері мен көтерілісшілер арасындағы соғыс кезінде қауіпсіздік мақсатында жабылған еді.
Ал ондағы баға жетпес тарихи экспонаттар қауіпсіз жерге жасырылған. Кейін Сирия астанасында жағдай тұрақталғанда естеліктер қайта әкеліне бастады.