Қазақстандық актер Нью-Йоркте марапатқа ие болды
«Шатырдағы екеу» фильмі Нью-Йорктегі Oniros Film Awards халықаралық кинопремиясында екі номинация еншіледі, деп хабарлайды Ұлттық киноны қолдау орталығы.
Фильмде аутизмге шалдыққан жасөспірім Костяның рөлін сомдаған Александр Черепанов «Жас актер» номинациясын алды. Сонымен қатар Гүлшат Смағұлова «Режиссер-дебютант» аталымы бойынша финалистер қатарынан табылды.
«Шатырдағы екеу» фильмі — 15 жылдан астам тәжірибесі бар режиссер Гүлшат Смағұлованың жұмысы.
Өткен жылы фильм қазақ және орыс тілдерінде прокатқа шыққан. Шығармашылық топ картинада инклюзияның маңызын және ерекше балалардың қоғамға бейімделу мәселесін көтерген.
Бұған дейін хабарланғандай, қазақстандық «Шатырдағы екеу» фильмі Үндістандағы кинофестивальде жеңімпаз атанды.