Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейіне 90 жыл

Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейіне 90 жыл

Биыл Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өнер музейі өзінің 90 жылдық мерейтойын атап өтеді.
Музейде 26 мыңнан астам өнер туындысы бар. Онда қазақ халқының өнері мен рухани мұрасын қамтылған. Туындылар қатарында кескіндеме, графика, мүсін, сәндік-қолданбалы өнер жауһарлары ұсынылған. Олардың ішінде Қазақстан өнерінің алтын қорына енген түпнұсқа жауһарлар бар.
Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнері – ежелгі дәуірден келе жатқан және біздің заманымызға дейін сақталған руханият пен дәстүрдің ұлттық бастауы саналатын маңызды бөлімді ұсынады.
90 жылдыққа орай музейдің бай тарихы мен көпқырлы қызметін айшықтайтын кең ауқымды бағдарлама әзірленді.
Айтулы оқиғалардың бірі – «Қазақстанның заманауи өнері жаңа залының ашылуы. Бұл экспозиция еліміздің жетекші суретшілерінің шығармаларын қамтиды.
Сондай-ақ, музей тарихы мен өркендеуіне арналған ретроспективті фотокөрме өткізу жоспарлануда. Көрмеде бірегей мұрағаттық құжаттар көшірмесі, фотосуреттер ұсынылады.