Ақтауда жаңа деректі фильмнің премьерасы өтті
Ақтауда «Қазақ» жаңа деректі фильмінің премьерасы өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Премьераға фильмнің режиссеры Қарлыға Хасен және продюсері Танакөз Толқынқызы және фильмнің басты кейіпкері Сүлеймен Шадқам және қала тұрғындары қатысты. Аталған фильм 2024 жылы Германияда, Австрияда, Түркияда және Қазақстанда түсірілген. Тәуелсіз демеушілер қаражатына түсірілген деректі фильмнің режиссеры - Қарлыға Хасен, продюсері - Танакөз Толқынқызы.
Аталмыш кинокартинаның басты кейіпкерін Мюнхендегі «Қазақ қоғамының» дамуына зор үлес қосқан, Еуропадағы қазақ қауымдастығының негізін қалаушы Сүлеймен Шадқам сомдайды. Бұл туынды қазақ халқының басына түскен нәубет жылдары Маңғыстаудан Иранға жер аударып, Германияға табан тіреп тұрақтаған қаракөз қандастардың тағдырын баяндайды. Премьераға Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов қатысып, облыс әкімінің атынан Сүлеймен Шадқам мен оның жұбайы арнайы сыйлықтар табыстады.
Фильм неміс, ағылшын, француз тіліне аударылған. Алғашқы тұсаукесер рәсімі 2024 жылдың 6-8 қараша айында ҚР Сырткы Істер министрлігінің қолдауымен Германияның Мюньхен қаласында және Францияның Париж қаласында өтті.