Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Талдықорғандық «Горец» би тобына биыл 10 жыл

Талдықорғандық  «Горец» би тобына биыл 10 жыл

Талдықорғанда ондаған ұлт өкілін ұйыстырған «Горец» би тобына биыл 10 жыл толды.
Әуел баста небәрі 4-5 бала ғана қатысқан ұжымда қазір 250-ден аса ұл мен қыз бар. Негізінен тау халықтарының биін билеп, сахнаға шығып жүр. Жетістіктері де аз емес. Республикалық байқаулардағы жеңістерден бөлек 2021 жылы Ташкентте супер гран-при алса, 2022 жылы Түркияда бас жүлдеге ие болған. Былтыр Грузияда топ жарды. Шығармашылық ұжым жетекшілердің табандылығымен құрылып, қоғамдық негізде жұмыс істейді. Өңірдегі түрлі мерекелік шарада, концерттерде өнер көрсетіп, халықтың қошеметіне бөленіп жүр. Ал топтағы балалар үшін би – әрі өнер, әрі салауатты өмір салты.