Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында италиялық профессордың шеберлік сабағы өтті

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында италиялық профессордың шеберлік сабағы өтті

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында Миландағы Джузеппе Верди музыкалық консерваториясының академиялық вокал кафедрасының профессоры, баритон Деметрио Колачи «Бельканто техникасы және опера партияларын интерпретациялау» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді. Маэстро Деметрио Колачи — әлемнің жетекші сахналарында өнер көрсеткен, оқытушылық қызметпен айналысқан танымал орындаушы және педагог. Шеберлік сабақтың мақсаты академиялық вокалдың қыр-сырын және әйгілі опералардағы басты партияларды орындаудың ерекшеліктерін талқылау. Аталмыш іс-шара консерваторияның вокалдық өнер кафедрасының студенттері мен магистранттарының және оқытушыларының вокалдық техника мен орындаушылық шеберліктерін шыңдады.
Қатысушылар дауыспен жұмыс істеу, тыныс алуды дұрыс қою және ән айту техникасының ерекшеліктерін әлемдік деңгейдегі маманмен бірге жұмыс жасау арқылы машықтанды.