Америка киноакадемиясы саладағы ең беделді 97-ші «Оскар» жүлдесіне үміткерлердің есімін атады

Америка киноакадемиясы саладағы 97-ші «Оскар» жүлдесіне үміткерлердің есімін атады. Еске сала кетсек «Оскар» сыйлығы кино саласының үздіктеріне 1929 жылдан бері табысталып келеді. Биылғы жылдың басты фавориті ретінде француз режиссері Жак Одиардың «Эмилия Перес» криминалдық комедиясы көш бастап тұр. Фильм бірден 13 номинацияға ұсынылған. Сонымен қатар «Бруталист», «Анора» және «Дюна 2» секілді көрнекті картиналар мен Деми Мур, Киран Калкин және Тимоти Шаламе секілді атақты актерлер де кино саласындағы ең беделді сыйлық үшін таласады. «Оскар» жүлдесінде «Үздік фильм», «Үздік режиссер», «Үздік анимациялық фильм» және тағы басқа номинациялар бойынша жүлдегерлер анықталады. «Оскар» сыйлығын табыстау рәсімі 2 наурыз күні өтеді деп жоспарланған. Шараны америкалық комик Конан О'Брайен жүргізеді.