Алматыда «Birlik» көпұлтты ән-би ансамблінің гала-концерті өтті

Алматыда «Birlik» көпұлтты ән-би ансамблінің гала-концерті өтті. Шара Қазақстан Халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылды. Шығармашылық кешке Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қатысты.
Гала-концертте түрлі ұлттың мәдениетін біріктіретін жеті қойылым сахналанды. 20-ға жуық дәстүрлі және заманауи сарындағы ән-би орындалды. Әлем халықтарының мәдени мұрасын тоғыстырған ұжымда ерекше композицияларды қою үшін Ресей, Өзбекстан,Татарстанның көрнекті хореографтары атсалысқан.
Айта кетейік, «Birlik» ансамблі 2024 жылдың 1 наурызында құрылды. Бұл – Қазақстан мен ТМД-дағы алғашқы көпұлтты ән мен би ансамблі. Ұжымның бірегей репертуары қазақ халқының тарихымен және тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуымен тығыз байланысты 130 этностың музыкалық мұрасы мен өнерін қамтиды.