Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық театрында А.Чеховтың «Шие бағы» пьесасы қойылды
Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық театрында А.Чеховтың «Шие бағы» пьесасы қойылды. Премьерасы алғаш 2016 жылы қойылған пьесаның режиссері – Саха Республикасының (Якутия) еңбек сіңірген өнер қайраткері Сергей Потапов. Жанры комедия, бірақ көтерген жүгі, мазмұны, айтар ойы трагедияға толы қойылымның қазақ топырағында сахналанып келе жатқанына ендігі жылы 10 жыл толмақ. Биыл 9 жыл. Осы уақыт аралығында театр сыншылары, әдебиетшілер, көрермендер тарапынан түрлі пікір айтылған «Шие бағын» әркім өзінше көре білді
Антон Павлович Чеховтың трагикомедия жанрындағы «Шие бағы» (Вишневый сад) пьесасы әлемдік драматургия саласында баға жетпес еңбек саналады. Ең алғаш рет бұл тақырыпта пьеса жазу туралы ой А. Чеховқа 1901 жылы келгенімен, автор оны 1903 жылы толық жазып бітірген. Айта кеткен жөн, бұл – оның соңғы еңбегі...