Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Қазақстанның Президент оркестрі еуропалықтарды өнерімен тәнті етті

Қазақстанның Президент оркестрі еуропалықтарды өнерімен тәнті етті

Қазақстанның Мемлекеттік күзет қызметінің президент оркестрі әлемдегі үздіктер қатарынан көрініп, Еуропаның ең ір концерт алаңдарында өнер көрсету турнесіне шақырту алды. Отандастарымыздың шеберлігі Германия қалаларындағы жергілікті көрермендерді тәнті етті.  "Musik Parade" – үрлемелі оркестрлердің Еуропадағы ірі өнер сапары. Оған билеттер Германияда 1 жыл бұрын сатылып кетеді. Биыл Еуропа мен Азияның 7 оркестрінен құралған халықаралық ұжым неміс елінде 100 мыңға таяу көрермен жинады.
Біздің өнерпаздар әскери репертуардан бөлек, бірнеше тосын сый жасады. Қазақтың дәстүрлі музыкасын еуропалықтар демін ішіне алып, ерекше ықыласпен тыңдады. Немістің атақты РозамУнда әнін тарту етті.
Оркестрлер фестивалі бір мезетте музыканың барлық түрі бойынша өнер туындыларына куә болудың сирек мүмкіндігін ұсынады.
Еуропалықтар осы фестивальдің арқасында Қазақстанның мәдениеті және әртістерінің шеберлігімен жақын танысуға мүмкіндік алды. Сондай-ақ басқа халықтардың да өнері паш етілді.