Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Елімізде «Тасқа жазылған тарих» кітабының тұсауы кесілді

Елімізде «Тасқа жазылған тарих» кітабының тұсауы кесілді

Түркі дүниесіне ортақ мәдениет пен тарих тағы бірнеше тың туындымен толықты. Белгілі қоғам қайраткері, сенатор, академик Дархан Қыдырәлінің «Тасқа жазылған тарих»  кітабының тұсауы кесілді. Кітап әзербайжан, түрік және қырғыз тілдерінде жарық көрген. Сондай-ақ, автордың орыс тілінде және түрік тілінде жарыққа шыққан екі деректі-ғұмырнамалық кітабы да, көпшілікке таныстырылды. Жиналғандар жаңа еңбектер, түбі бір түркі жұртының тарихын қазіргі заман тұрғысынан зерделеп, тұғырлы тұлғаларымызды жан-жақты тануға жол ашатын ғылыми жаңалығымен ерекшеленеді деді.
«Тасқа жазылған тарих» кітабын әзербайжан тіліне аударған белгілі журналист Аида Гейтюрктің сөзінше, кітапта түркі әлемінің көптеген құпиялары ашылады. Туынды түркологиядағы алуан тақырыпты арқау еткендігімен ерекшеленеді.