Алматылық көрермен үшін «Мефистофель. Фаусттың құмарлығы» қойылымы ұсынылады

Бүгін Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік академиялық филармония сахнасында қазақтың көрнекті хореографы Болат Аюханов жасаған бір актілі «Мефистофел. Фаусттың құмарлығы» –қойылымы көрермен назарына ұсынылады. Аталмыш қойылымды сахнаға шығару үшін авторға Иоганн Вольфганг Гетенің аты аңызға айналған «Фауст» трагедиясы әсер еткен, ал музыкалық сүйемелдеу Шарль Гуноның операсынан алынды.