Қызылордада республикалық ақындар айтысы өтті

Қызылордада «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында «AMANAT» партиясының және облыс әкімдігінің қолдауымен «Адал еңбек – ел ырысы» атты республикалық командалық айтыс өтті. Сыр елінде ұйымдастырылған байсалды бәсекеде Қызылорда және Алматы облыстарының өнерпаздары бақ сынады. Жыр додасының салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Сенат және Мәжіліс депутаттары, ақындар мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Осылайша қос өңір арасында өткен өнер бәйгесінде ақындар «түре», «сүре», «қайым» және «қыз бен жігіт айтысы» жанрлары бойынша сынға түсті. Нәтижесінде Қызылорда облысының командасы жеңімпаз атанып, республикалық айтыстың ақтық кезеңіне жолдама алды.